Жабайы болмысын сақтаған: Алматы зоопаркіндегі екі құс еркіндікке жіберілді

Сурет: pixabay
2026 жылғы 29 сәуірде Алматы хайуанаттар бағы "құстар әлеміндегі" маңызды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы хайуанаттар бағының әлеуметтік желідегі парақшасында бір жұп ителгінің туған мекеніне – табиғат аясына оралғаны жайлы бейнежазба пайда болды.

"Қазан айында табиғатты қорғау прокуратурасы бізге тәркіленген құстарды тапсырған болатын. Зообақ олар үшін уақытша баспана мен шипажайға айналды. Біз барлық ветеринарлық шараларды жасадық. Әрі қарай мониторинг жасау үшін чип салынды; құстардың күш-қуатын толық қалпына келтіруіне жағдай жасадық. Ең бастысы – біздің мамандар құстардың жабайы табиғатын жоғалтпағанын растады. Демек, олардың нағыз үйі – еркін аспан. Сот шешімінен кейін көптен күткен сәт те келіп жетті",- делінген ақпаратта.

Осылайша, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, ителгілер Кербұлақ ауданында табиғатқа жіберілді.

"Мұндай құтқару оқиғалары тек жұмыла жасалған еңбек пен табиғатқа деген шексіз махаббаттың арқасында жүзеге асады. Туған өлкеміздің табиғатына бейжай қарамайтын әрбір жанға алғыс айтамыз!",- деп мәлімдеді мамандар.

Бұған дейін Алматы зообағында туылған тянь-шань қоңыр аюының сүйкімді қонжықтарына есім берілгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді