Алматы хайуанаттар бағы жағымды жаңалықпен бөлісті
Сурет: Instagram/almatyzoo
Алматы зообағында туылған тянь-шань қоңыр аюының сүйкімді қонжықтарына есім берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 24 сәуірде бақтың Instagram парақшасындағы жазбадан белгілі болды.
"Қуанышты жаңалық! Біздің зообағымызда дүниеге келген тянь-шань қоңыр аюының сүйкімді қонжықтарына есім берілді! Бұл ерекше сәтке бірге атсалысқан баршаңызға шын жүректен алғыс айтамыз. Көпшіліктің таңдауы бойынша кішкентай достарымыздың есімдері: Аян және Дая",- деп мәлімдеді мамандар.
Хайуанаттар бағының әкімшілігі қонжықтардың күн сайын өсіп, ойнап, айналасына жылу сыйлап жүргенін жеткізді.
"Олардың алғашқы қадамдары мен тәтті қылықтарын өз көздеріңізбен көргіңіз келсе — зообағымызға келіңіздер! Сіздерді және жақындарыңызды асыға күтеміз". Алматы хайуанаттар бағы
Бұған дейін Жетісу облысында сирек кездесетін қар барысы камераға түсіп қалғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript