Миллиондап ақша төлеген, алайда астықты ала алмаған: сот қазақстандыққа шешім шығарды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Павлодарда сатып алушы астық үшін 16 миллион теңгеден астам қаражат төлегенімен, тауарды ала алмаған. Жеткізуші келісімшарт талаптарын орындамаған. Осылайша, сот жауапкерді ақшаны қайтаруға міндеттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот алқасы тараптар арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін (қарақұмық, бидай, арпа, тары) жеткізуге келісім-шарт жасасқаны, шарт бойынша талап қоюшы жалпы сомасы 16 миллион теңгеден астам алдын-ала төлем жасағанын анықтады.

Алайда, жауапкер көрсетілген мерзімде тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаған. Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жауапкерден берешек сомасы және сот шығындары өндірілді.

Дегенмен, жауапкер шешіммен келіспей, апелляциялық шағымда материалдық және процестік заңнаманың нормалары бұзылғанын айтып, оның күшін жоюды сұраған. Өз кезегінде, сот алқасы апелляциялық шағымдағы дәлелдер шегінде іс материалдарын қарап, жауапкер өз міндеттерін орындамады, тауарды жеткізгені туралы дәлелдемелер ұсынбады және берешектің бар екендігі іс материалдарымен расталды деген қорытындыға келді.

"Азаматтық кодекстің 272-бабының 1-тармағына және 273-бабына сәйкес міндеттеме тиісінше орындалуға тиіс, мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмейдi. АК-ның 406-бабының 1-тармағына және 458-бабына сәйкес тауар беруші тауарды келісілген мерзімде сатып алушыға беруге міндетті. АК-ның 478-бабының 1-тармағына сәйкес, келiсiм-шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзi өндiрген ауыл шаруашылық өнiмiн сатып алушыға беруге міндетті". Павлодар облыстық соты

Осылайша, сот шешімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды