Алматыда көлікке қойылатын талаптар күшейтіледі: қашан және не өзгереді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда шығарындыларды азайту мақсатында 2027 жылдан бастап көлік құралдары мен нысандарға қатысты жаңа талаптар енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Eco Almaty" ЖШС бас директорының орынбасары Айдана Касен мәлімдеді.

Алматыда атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа ережелері бойынша негізгі талаптар 2027 жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы "Eco Almaty" ЖШС бас директорының орынбасары Айдана Қасен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, құжат шығарындыларды азайтуға бағытталған кешенді шараларды қамтиды. Атап айтқанда, автокөлікке, өнеркәсіп нысандарына және тұрмыстық ластану көздеріне қойылатын талаптар күшейтіледі.

Автокөлік құралдарына қатысты бірқатар жаңа талап енгізіледі. Соның ішінде катализаторларды міндетті түрде пайдалану және шығарындылар бойынша белгіленген нормаларды сақтау қарастырылған.

III санаттағы нысандарға қатысты талаптар бөлек қарастырылған. Олар үшін сүзгілерді міндетті түрде орнату, шаң басатын технологияларды енгізу, тұрақты зертханалық өлшемдер жүргізу және экологиялық таза отын түрлеріне көшу талап етіледі.

Сонымен қатар, ережелерге сәйкес, қаладағы газдандырылған аудандарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады.

Жаңа талаптарды енгізу ауа ластану деңгейін жүйелі түрде төмендетуге және барлық шығарынды көздерінің экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі