Павлодарда өрттен 15 адам құтқарылды

Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 30 сәуірде 101 пультіне Павлодар қаласы Муткенов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жеткен сәтінде қою түтінді бірден аңғарған.

"Құтқарушылар бірінші қабаттағы пәтерде 10 шаршы метр аумақта үй жиһаздары мен тұрмыстық заттардың жануын жедел түрде сөндірді",- делінген ведомство ақпаратында.

Бұл ретте, баспалдақ арқылы өрт сөндірушілер 15 адамды, олардың ішінде 5 баланы құтқарды. Сондай-ақ 20 адам өз бетінше далаға шыққан.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Бұған дейін Алматы облысында картон зауытында өрт шыққанын жазғанбыз.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды