Өскеменде полицейлер иесіз жүрген малды дрондардың көмегімен анықтауда

Фото: primeminister.kz
Өскеменде полицейлер иесіз жүрген малды ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен анықтауда.

Өскемен қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бақылаусыз жаю деректерінің жолын кесуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың мүлкін қорғауға бағытталған рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Профилактикалық жұмыс аясында қала шеті мен таулы жерлерге ерекше көңіл бөлінуде. Қолжетімділігі қиын аймақтарда мониторингтің тиімділігін арттыру мақсатында полицейлер ұшқышсыз ұшу аппараттарын белсенді қолдануда.

Дрондар малды заңсыз жаю орындарын нақты уақыт режимінде анықтауға мүмкіндік береді, содан кейін полиция қызметкерлері жануарлардың иелерін жедел анықтайды. Әуеден бейнетіркеу құқық бұзушылықты айғақтайтын бұлжытпас дәлел.

Жыл басынан бері полицейлер ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзудың 28 фактісін анықтады. ҰҰА қолдану арқылы жүргізілген кезекті рейд барысында Станиславский көшесінің маңында қараусыз жүрген 20-ға жуық жылқы тіркелді.

Осыған ұқсас келесі дерек Ватутин көшесіндегі учаскеде анықталып, ірі қара малдың бақылаусыз жүргені құжатталды. Жанауарлардың иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Полиция мал иелерін белгіленген нормаларды қатаң сақтауға шақырады. Малды бақылаусыз жаю — жол қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді!

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев