Алматыда танымал көшелердің бірі уақытша жабылады

Фото: Zakon.kz
Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі қайтадан уақытша жабылады. Белгіленген учаске бойынша көлік қозғалысын шектеу бірнеше күнге созылмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, аумақта орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы Almaty_Joly Telegram-арнасында хабарланды.

"2 мамыр сағат 22:00-ден 6 мамыр сағат 06:00-ге дейін Кожедуб көшесінен Хмельницкий көшесіне дейінгі арылықта қозғалыс толық жабылады. Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс дерегі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлау сұралады" Алматы әкімдігі

Сурет: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, Шемякин көшесі бір апта ішінде үшінші рет жабылып отыр. Бірақ әр жолы әртүрлі учаскелерде. Мәселен, 2026 жылғы 29 сәуірде 30 сәуір таңғы сағат 07:00-ден 2 мамыр таңғы 07:00-ге дейін Даналық көшесінен Кожедуб көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектелетіні хабарланған. Ал бұған дейін Рысқұлов даңғылынан Даналық көшесіне дейінгі бөлікте жөндеу жұмыстары жүргізілетіні белгілі болған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Алматы облысында жалған сүт үшін жүздеген миллион теңге субсидия алған кооператив басшысы сотталды

Сейсмологтар Каспий теңізінде тағы бір жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Ақтөбені Атыраумен байланыстыратын жолды салып жатқан жұмысшылар жарты жыл жалақы алмаған