Ақтауда полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды
Фото: zakon.kz
Ақтауда полиция қызметкері суға батып кету қаупіне ұшыраған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 23 қазанда сағат 18:54 шамасында Ақтау қаласындағы 14-шағын аудан маңында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері суда көмекке мұқтаж ер адамды байқап қалған.
Патрульдік полиция батальонының 4-ротасы 1-взводының инспекторы Исатай Боранбаев оқиға орнына дереу жетіп, ер адамды құтқаруға кіріскен. Оның жедел әрі батыл әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алып, азаматтың өмірін сақтап қалу мүмкін болды.
Полиция азаматтарды су айдындары маңында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript