Жаңалықтар тізбегі
0

Көлік полицейі суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2024 16:55 Сурет: ҚР ІІМ
Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкері суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды.

Полиция қызметкері Мұхан Батыр әдеттегідей әріптестері криминалист Башаров Абзал және тергеуші Бахилов Нұрдәулетпен бірге жедел-тергеу тобы құрамында шақыруға шыққан.

Теміржол бойымен келе жатып кенеттен су арнасы орналасқан жақтан кішкентай қыздың айқайлап, көмекке шақырып жатқан дауысын естіді.

Полицейлер дереу оқиға орнына жетіп, суға батып бара жатқан әйелді байқады. Жедел уәкіл Б.Мұхан адамды құтқару үшін ойланбастан бірден суға секірді. Тәртіп сақшысы жүзіп барып, жәбірленушіні аман-есен жағаға шығарып, алғашқы көмек көрсетті.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы келісімен оны дәрігерлерге тапсырды.

"Ойлануға уақыт болмады, тез шешім қабылдау керек болды. Сол себепті әйел адамды құтқару үшін суға секірдім, – дейді Б.Мұхан. – Қызым екеуміз шомылып келмек болғанбыз. Суда жүргенде аяғымның сіңірі тартылып, суға бата бастадым. Содан кейін ештеңе есімде жоқ. Көзімді ашсам полиция қызметкері мені судан жағаға шығарып, көмек көрсетіп жатыр екен. Алғысым шексіз, өмірімді сақтап қалғаны үшін полиция қызметкеріне ризашылығымды білдіріп, алғысымды айтамын", – дейді Шу қаласының тұрғыны.

Қазір тұрғын аман-есен үйінде, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция қызметкерінің жедел әрі шапшаң әрекеттерінің арқасында оқиға сәтті аяқталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: