Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Алғабас шағынауданында Бесінші белес көшесінде орналасқан автосервис нысаны сүрілді.

Бұл туралы қалалық қала құрылысы бақылау басқармасының өкілдері хабарлады.

Жоспардан тыс жүргізілген тексеріс барысында құрылыстың рұқсатсыз салынғаны анықталды. Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, басқарма Алматының Алатау аудандық сотына талап-арыз түсірген.

2025 жылғы 29 мамырда аудандық сот талап-арызды қанағаттандырды, ал Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды бірер күн бұрын бұзды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін