Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК еліміздегі қалалардың ауа сапасына қатысты 2026 жылғы 7 мамырға арналған өз болжамдарын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"7 мамырда Балқаш, Өскемен, Семей, Алматы қалаларында, түнде Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне орай мерекелік демалыс күндерінде Алматы, Астана және Шымкент қалалары бойынша ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарын жариялаған болатын.

Ақтөбе
Қарағанды
Өскемен
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды