Ол Сент-Джеймс округі бойынша Консервативтік партия атынан кандидат болып түсіп, 974 дауыс жинаған. Санжар Әбішевпен бірге Вестминстер қалалық кеңесіне Консервативтік партияның тағы екі кандидаты өтті.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Консервативтік партия Вестминстердегі сайлауда жеңіске жетіп, 2022 жылдан бері лейбористер бақылауында болған қалалық кеңесті қайта өз қолына алды.
Сурет: manchestereveningnews.co.uk
Әбішев сайлауалды науқанын лейбористерді коммуналдық мәселелер, қауіпсіздік және автотұраққа қатысты түйткілдер үшін сынау негізінде жүргізді. Атап айтқанда, ол жалға берілетін электрлі велосипедтерге байланысты туындаған ретсіздікті жиі көтерген. Сонымен қатар ол көшелерді қауіпсіз әрі таза етуге және салық төлеушілер қаржысын үнемдеуге уәде берген.
Сайлауалды бағдарламасында Санжар Әбішев партиясының кеңестегі басымдықтары жергілікті тұрғындардың шағымдары мен сұраныстарына негізделетінін атап өткен:
- Жергілікті биліктің бақылауын күшейту және қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы шаралар арқылы қауіпсіз көшелер қалыптастыру;
- Тек мереке күндері емес, күн сайын таза аудандар мен күтіп ұсталған қоғамдық кеңістіктерді қамтамасыз ету;
- Қаржыны үнемдеу: муниципалдық салықтан түскен әрбір фунт негізгі қызметтерге жұмсалуы тиіс, артық шығындарға емес;
- Біз жұмысты бірден бастауға дайынбыз және тұрғындардың пікіріне тек сайлау кезінде емес, жыл бойы құлақ асамыз. Егер бізді қолдасаңыздар, сіздер күткен әрі лайық Сент-Джеймс үшін күресеміз.
33 жастағы Әбішевтің бұған дейін де жергілікті саясатқа белсенді араласқан. 2025 жылдың қазан айында ол Сент-Джеймс округі консерваторларының төрағасы болып сайланған.
Санжар Лондонда мектеп жасынан бері тұрады. Ол Malvern College оқу орнын және университетті тәмамдаған.