Президент БАҚ саласының үздіктерін марапаттады
Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 25 маусымда Ақорданың ресми сайтында Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы" жарлық жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта атап өтілгендей, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарап:
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:
- "Time.kz" желілік басылымының бас редакторы Руслан Фанилевич Бахтигареевке – интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін белсенді жүргізгені үшін;
- "Egemen Qazaqstan" газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Байқал Қайырлыұлы Байәділге – отандық журналистикаға қосқан үлесі үшін;
- "NewTimes.kz" ақпарат агенттігінің фототілшісі Әлібек Әбдубәкірұлы Ибраевқа – фотожурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін;
- "Qazaqstan" телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары Қайрат Жанатұлы Мұсақұловқа – Қазақстандағы телевизиялық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін берілсін;
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:
- "Baq.kz" ақпарат агенттігінің аға тілшісі Олжас Адайға – еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың іске асырылу барысын жариялауға қосқан үлесі үшін;
- "Хабар" агенттігі ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің редактор-сарапшысы Ботагөз Бейсенбайқызы Айтжановаға – мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін;
- контентмейкер, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы Жазира Жомартқызы Байдалыға – Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін насихаттауға қосқан үлесі үшін;
- "Zakon.kz" ақпарат агенттігінің тілшісі Екатерина Алексеевна Елисееваға – "Заң және Тәртіп" қағидаты негізінде Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформаларды жан-жақты жариялауға қосқан үлесі үшін тапсырылсын;
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:
- "Астана" телеарнасының шығармашылық ұжымына – отандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін;
- "Вечерний Алматы" газетінің шығармашылық ұжымына – еліміздің және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді түрде жариялауға қосқан үлесі үшін;
- "Жас Алаш" газетінің шығармашылық ұжымына – отандық баспасөз басылымдарының дамуына қосқан үлесі үшін;
- "Abai.kz" ақпараттық порталының шығармашылық ұжымына – еліміздің қоғамдық-саяси өмірін көрсетуге қосқан үлесі үшін жариялансын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript