Тарихи сайлау – Президент Құрылтай сайлауын 23 тамызға тағайындады

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2026 14:01 Фото: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеде, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес Президент қаулы етті:

  1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.
  2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық -техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.

Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстанда 2026 жылғы 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енді. Осы тарихи оқиғаға орай Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: