АҚШ-та қаза тапқан қазақстандықтың мәйіті елге жеткізілді
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев 2026 жылғы 25 маусымда өткен брифингте АҚШ-та қаза тапқан Қазақстан азаматының мәйіті елге жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Нью-Йорктегі Бас консулдығымыз марқұмның туыстарына барлық қажетті консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп, мәйітті елге қайтаруға жәрдемдесті", – деді СІМ ресми өкілі.
Еске салайық, 2026 жылғы 13 маусымда АҚШ-тың Иллинойс штатында 24 жастағы Қазақстан азаматының жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені белгілі болған еді. Жас жігіт үйінде барлық құжаттары мен әмиянын қалдырып кеткен, ал оның көлігін бірнеше күннен кейін полиция қызметкерлері тапқан.
Кейін АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript