Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қызылордада 10 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 10 мамырда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан, батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 17-22 м/с, кешке облыстың шығысында 24-29 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 10 мамырда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кешке қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қонаевта 10 мамырда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с қамтиды.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында таулы аудандарында нөсер жаңбыр болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 10 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі.
Түнде Ұлытау облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15–20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 10 мамырда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15–20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15–20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 10 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15–18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Атырау облысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Атырауда 10 мамырда түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп болжанады.
Түнде Ақтөбе облысының шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 10 мамырда түнде солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыс соққан желдің екпіні 15 м/с болады деп күтіледі.
Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 10 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 10 мамырда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысындағы екпіні 23-28 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 10 мамырда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда 10 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Ақмола облысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 10 мамырда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 10 мамырда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысындағы екпіні 15-18 м/с құрайды. Ақтауда 10 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі деп күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 10 мамырда таңертең және күндіз нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 10 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 10 мамырда түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Астанада 10 мамырда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 10 мамырда күндіз сынап бағаны төмендеп, 12-14 градус жылы болады, ал түнде, 11 мамырда топырақ беті қатып, 1-3 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 10 мамырға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялаған болатын.