Ауа райы күрт нашарлайды: Қазақстанда сәрсенбіде қай өңірлерде ескерту жасалды

Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 13 мамырда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда таңертең және күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстік-батысында кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырауда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Cолтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Қостанайда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Алматы облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі