Мектептер мен зауыттар: Қазақстан мен Түркия ауқымды жобалар жайлы уағдаласты

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын Қазақстан мен Түркияның мәдени-гуманитарлық байланыстары жылдан жылға күшейіп келе жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 2023 жылы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп провинциясында Қазақстан бастамасымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды. Астанада және Алматыда "Маариф" қорының мектептерін ашу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, Қазақстанның 14 мыңға жуық азаматы Түркияда оқиды, ал 260-қа жуық түрік студенті еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуда.

Жақында Шымкент қаласындағы педагогикалық университеттің жанынан Түркиядағы Гази университетінің филиалы өз жұмысын бастады.

Сонымен қатар, Қазақстанның бірқатар аймағында туризм саласына маманданған түрік компаниялары табысты жұмыс істеп жатыр.

Мемлекет басшысы бұл бағытта әлі де көптеген мүмкіндік бар екенін алға тартып, түрік бауырларымызды Қазақстанмен озық тәжірибесін бөлісуге, елімізге инвестиция салуға шақырды.

Мәселен, Денсаулық сақтау саласындағы серіктестік те қарқынды дамып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның ірі фармацевтика алпауыттары – Abdi İbrahim және Nobel компаниялары Қазақстанда өндіріс желілерін іске қосқанын атап өтті. Көп ұзамай Orzax Group компаниясы Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар өндіретін зауыттың құрылысын бастайды. YDA Group Түркістан және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салып жатыр.

Бұған дейін Қазақстан мен Түркия екі ел арасындағы сауда-саттықты әртараптандырмақ екенін жазғанбыз.

Түркия
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жасанды интеллект қауқарсыз болды: Ford жұмыстан қысқарған инженерлерін қайта шақырды

Қазақстан сиыр етін экспорттауға алты айлық шектеу енгізбек