Сәтбаевта миллиондаған қаржыға егілген көшеттер қурап жатыр

Сурет: magnific
Сәтбаев қаласы тұрғындары шаһардағы көгалдандыру жұмыстарының шалалығына наразы. Өйткені көше бойына отырғызылған бөртегүл ағашының көшеттері күннің астында қаңсып, шетінен қурап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бөртегүл көшеттері қалаға кіре берісте отырғызылған. КТК дерегіне сүйенсек, тұрғындар талдардың күн астында нәр татпай қақсып қалғанына наразы. Көбі қурап та кеткен. Бөртегүлдің 6600 түбіне бюджеттен 57 миллион теңге бөлініпті. Ал оларды автоматты суару жүйесін жасауға 30 миллион теңге қарастырылған. Бірақ ол жұмыстар әлі аяқталмаған. Сондықтан ағаштарды әзірге су таситын көлікпен суарып жүр. Жалпы биыл қаланы жасыл желекке орауға бюджеттен 128 миллион теңге бөлінген екен. Десе де шенеуніктер көгалдандыру жұмыстары қабылданған жоқ дейді. Автоматты суару жүйесі іске қосылып, көшеттер жерсінгенде ғана мердігерге ақша төлейміз деп сендіреді.

"Жиі суарылуы керек. Жиі суарылып отырса әрі қарай өзінің тамырын жіберіп, бүршігін атып, әрі қарай жасыл желекке айналады деген үлкен үмітіміз бар. Бюджеттен ешқандай қаражат төленген жоқ, себебі жұмыстар әлі қабылданған жоқ". Мұрат Бөрібаев, Сәтбаев қаласының әкімі:

Бұған дейін Шығыс Қазақстанда сел қаупі туралы ескертілгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін