Астанада LRT іске қосылатын күн белгілі болды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев 2026 жылғы 15 мамырда Үкімет кулуарында елордадағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің (LRT) ресми іске қосылатын күнін жариялады.

Оның айтуынша, LRT-нің іске қосылу мерзімі түпкілікті бекітілген.

"17 мамыр күні LRT-нің ресми ашылуы өтеді", – деді Ерсін Өтебаев.

Сондай-ақ ол жаңа қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы 200 теңге болатынын айтты. Оның сөзінше, болашақта желі Қосшы бағытына дейін ұзартылған жағдайда да тариф өзгермейді.

Айта кетейік, 2026 жылғы 12 мамырда ұйымдастырылған баспасөз туры барысында журналистерге жүйенің ішкі жұмысы таныстырылып, нысанның іске қосылуға толық дайын екені көрсетілген болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін