Астанада контент үшін "Бәйтерек" маңына шампан төккен блогер қыз жазаланды

Сурет: видео скрині
Астанада "Бәйтерек" монументі маңында тренд видео түсіремін деп, қоғамдық орынды ластаған блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаланың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты қызға айыппұл салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2026 жылғы 27 сәуірде түнгі сағат бір шамасында Астанадағы Нұржол бульварында болған. Іс материалдарына сәйкес, азаматша М. әлеуметтік желіге әсерлі видео түсіру мақсатында шампан бөтелкесін ашып, ішіндегісін қаланың басты көрікті жерінің маңындағы жерге төккен.

Құқық бұзушылық фактісі инспектордың рапортымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және Instagram-ға жарияланған видеомен расталған.

Сот отырысында бойжеткен өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан. Оның сөзінше, түсірілімнен кейін қоқысты жинап кеткен. Сот бұл жайттарды жеңілдететін мән-жай ретінде ескергенімен, жаза ретінде айыппұл тағайындалды.


"Сот сондай-ақ қоғамдық жұмыстар құқық бұзушылық жасаған адамның келісімі болған жағдайда ғана тағайындалатынын ескерді. Азаматша М. қоғамдық жұмыстарға келіспегендіктен, сот оны кінәлі деп танып, 10 АЕК көлемінде, яғни 43 250 теңге айыппұл салды", – деп мәлімдеді Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі