Қазақстанда көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға 870 миллион теңгеден астам қаржы бөлінеді

Фото: akorda.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында көру қабілеті бұзылған балаларды әдістемелік қамтамасыз етуге бөлінетін қаржы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, бұл бағыттағы қаржыландыру 2027 жылы ұлғайтылатын болады.

"2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте көру қабілеті бұзылған балаларды әдістемелік қамтамасыз етуге 879 миллион теңге қарастырылған. Оның ішінде 2026 жылы – 284 миллион теңге, 2027 жылы – 305 миллион теңге, 2028 жылы – 288 миллион теңге бөлінеді", – делінген жауапта.

Қазіргі уақытта көру қабілеті бұзылған балаларға арналған шамамен 200 оқулық пен оқу-әдістемелік кешен бар. Оның 98-і Брайль қарпімен, ал 101-і ірі қаріппен дайындалған.

"Қазір 34 оқулық бекіту кезеңінде, 39 оқулық сараптамадан өтіп жатыр, ал 36 оқулық әзірлену үстінде. Сонымен қатар 2027-2029 жылдарға көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 109 оқулықты әзірлеуге 1 миллиард теңге қарастырылған", – деді Бектенов.

Бұған дейін 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімдері бекітілгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Шымбұлаққа апаратын жолдағы шектеулер қашан алынады: мерзімі белгілі болды

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

Алматыда күмәнді әрекет нашақорды полицияға ұстап берді

2025 жылғы балалар жәрдемақысы – 1,5 млн теңгеге дейін төлем кімге тиесілі

2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды