Бектенов Қазақстанда аэротакси мен дрондарды іске қосу туралы бірқатар тапсырма берді

Фото: akorda.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 19 мамырда өткен Үкімет отырысында Қазақстандағы авиация саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) стратегиялық жоспарына сүйене отырып, 2050 жылға қарай әлемдегі әуе жолаушыларының саны жылына 12 миллиардтан асатынын айтты. Сондай-ақ 2034 жылға қарай коммерциялық ұшақтар паркі екі есе көбейеді деп күтілуде.

"Біз әлемдік авиацияның даму тізбегіне еніп, өз орнымызды алуымыз керек. Осыған байланысты жаңа халықаралық бағыттарды ашуды жеделдету қажет. Әсіресе Еуропалық одақ елдері мен АҚШ-қа бәсекеге қабілетті билет бағасымен тікелей рейстер ашу маңызды. Сонымен қатар Астанадан шетелге ұшатын бағыттарға ерекше назар аудару қажет", – деді Үкімет басшысы.

Осыған байланысты ол Көлік министрлігіне Air Astana компаниясымен бірлесіп 2026 жылдың соңына дейін Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер ашуды, ал 2027 жылы Астанадан Лондон, Париж, Рим, Вена және басқа да Еуропа қалаларына тікелей әуе қатынасын іске қосуды тапсырды.

Премьер-министрдің айтуынша, бұл инвесторлар мен туристерді тарту үшін маңызды.

Сонымен қатар Бектенов қазіргі таңда елде әуежай инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ отандық және халықаралық әуе компаниялары үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатыр.

"Әуе кемелерінің паркі мен тасымал географиясы кеңейіп келеді. Цифрлық шешімдер, соның ішінде жасанды интеллект технологиялары белсенді енгізілуде. Көлік министрлігі нарық пен технологияларды тұрақты түрде талдап, қажетті инфрақұрылым, сервис және техниканы жаңартып отыруы тиіс", – деді ол.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы шағын авиацияны дамыту қажеттігін де атап өтті. Оның айтуынша, бұл ішкі коммерциялық тасымалдарға түсетін жүктемені азайтып, азаматтардың мобильдігін арттыруға мүмкіндік береді.

"Көлік министрлігіне 2026 жылдың соңына дейін 2050 жылға дейінгі азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі мастер-жоспарды (САМР-2050) бекітуді тапсырамын.. Құжатта міндетті түрде шағын және өңірлік авиацияны дамыту, ұшқышсыз әуе көлігін дамыту, жаңа баламалы отынды пайдалану және сақтау технологияларын енгізу қарастырылуы тиіс". Олжас Бектенов

Сондай-ақ ол әлемнің ірі авиациялық реттеушілері – Еуропадағы EASA және АҚШ-тағы FAA – коммерциялық аэротаксилерді сертификаттау ережелерін әзірлеп қойғанын айтты.

"Біз де аэротакси, дрондар және басқа да жаңа ұшу аппараттарын іске қосуға дайын болуымыз керек. Көлік министрлігі осы жылдың маусым айының соңына дейін қалалық әуе мобильдігі (UAM) мәселелері бойынша қажетті заңнамалық түзетулердің қабылдануын қамтамасыз етуі тиіс", – деп тапсырды премьер-министр.

Бұған дейін Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейстері қашан ашылатындығын жазғанбыз.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Мені кісі өлтіруге мәжбүрледі": Атыраудағы қанды қылмысқа күдікті Сәрсемәлиев сотта мәлімдеме жасады

Қазақстандық полицей зейнетке шыққан қызметтік итті өз панасына алды

Мемлекет басшысы: Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болғаны анық

Талдықорғанда студентті мектеп оқушысы пышақтап өлтірді

Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 2,7 мыңнан астам марапатқа ие болды