КТК дерегіне сүйенсек, бұл жолы мониторинг жүргізген мамандар итбалықтардың денесінен сынама алмаған. Себебі осыған дейін дәл осы Форт-Шевченко қаласының Баутино жағалауынан 191 итбалықтың өлексесі анықталған. Балық шаруашылығы мамандарының мәліметінше, сол өлген итбалықтардың денесінен алынған сынама нәтижесі қазан айында белгілі болады.
Ал өңірдегі экология департаменті бұл жолы теңіз суынан алынған сынамының нәтижесі жақын уақытта белгілі болатынын хабарлады. Еске салсақ, Маңғыстау облысынан 2212 итбалықтың өлексесі табылған. Гидробиология және экология институты мен Балық шаруашылығы комитеті мамандары өткен жылы қырылған итбалықтардың нейровирус инфекциясынан қырылғанын анықтаған.
"Бүгінге дейін 351 итбалықтың өлексесі табылып тіркелді. Жыл басынан бері. Биылғы 19 мамырда экология департаментінің қатысуымен судан сынама алынды. Су сынамасы бүгін кешке белгілі болады".Гүлнұр Әбдіғалиева, Маңғыстау облысы балық инспекциясы басқармасының бас маманы:
Бұған дейін Маңғыстау облысында тарихи жерасты мешітін бүлдіргендер іздестіріліп жатқанын жазғанбыз.