Павлодар облысында өнеркәсіп аймағынан түсті металл ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ақсу қаласында полиция қызметкерлері өнеркәсіп аймағынан түсті металл ұрлады деген күдікке ілінген, 3 адамнан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер алдын ала жоспар құрып, түнгі уақытта өнеркәсіп нысанының аумағынан түсті металды жасырын түрде ұрлап отырған.

"Ұрланған мүлікті тасымалдау үшін автокөлік пайдаланылған. Алдын ала келтірілген шығын көлемі 10 млн теңгеден асады", – деді Жасұлан Танжанов.

Жедел-іздестіру іс-шаралары бір мезетте бірнеше мекенжайда жүргізілді. Тінту барысында байланыс құралдары мен қылмыс жасау кезінде пайдаланылды деген күдік тудырған көлік құралдары тәркіленді. Сонымен қатар ұрланған мүлікті өткізген орын анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта олардың өңір аумағында жасалған осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде "Қазақстан Халық Кеңесі" туралы Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

Алматы полициясы Сәуле Базарханның клиникадағы қазасына қатысты пікір білдірді