Алматыда бес жасар бала алтыншы қабаттан құлап кете жаздады

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Алматының Алатау аданындағы Мәдениет ықшам ауданында алты қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтер терезесінде кішкентай баланың отырғаны және оның құлап кету қаупі бар екені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар автосатының көмегімен ашық терезе маңында тұрған баланы құтқарып алды. Оқиға кезінде пәтердің есігі құлыптаулы болған, ал ата-анасы үйде болмаған.

Шамамен 5 жастағы құтқарылған бала полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

ТЖД қызметкерлері баланы құтқару үшін автосатының жебесін шеберлікпен көтерді. Құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

ТЖМ ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды және терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатуды ескертті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде "Қазақстан Халық Кеңесі" туралы Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

Алматы полициясы Сәуле Базарханның клиникадағы қазасына қатысты пікір білдірді