Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, жоғары ылғалдылық пен жылы ауа райы өсімдіктердің тез өсуіне әсер еткен.
Мамандардың айтуынша, осындай климаттық және биологиялық факторлардың үйлесуі жәндіктер дернәсілдерінің жылдам көбеюіне қолайлы жағдай жасаған.
"Санитарлық-энтомологиялық мониторинг нәтижелері бойынша рұқсат етілген препараттарды қолдана отырып, дезинсекциялық шаралар белгіленді. Қалыптасқан жағдай Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының бақылауында", – деп хабарлады Алматы әкімдігі Zakon.kz тілшісіне 2026 жылғы 21 мамырда.
Бұған дейін жазғанымыздай, Алматыда Құрбан айт күндері тазалықты бақылауды күшейтеді.