Қазақстанда полиция атынан жалған айыппұл жіберу деректері көбейген

Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысы Полиция департаменті қазақстандықтарға "ҚР Жол полициясы департаменті" атауымен келетін күмәнді SMS-хабарламаларға қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, соңғы уақытта төленбеген әкімшілік айыппұлдар туралы жалған хабарламалар жиілеген. Мұндай хабарламаларды алаяқтар азаматтардың жеке деректерін иемденіп, ақшасын жымқыру мақсатында таратады.

Әдетте, SMS мәтінінде күмәнді интернет-ресурстарға сілтемелер беріледі. Оларға өткен жағдайда жеке мәліметтердің тарап кету қаупі бар.

Осыған байланысты қазақстандықтарға барынша сақ болып, тек ресми ақпарат көздеріне ғана сену ұсынылды.

Әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын тек мемлекеттік сервистер арқылы тексеруге болады:

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі азаматтарды белгісіз сілтемелерге өтпеуге, күмәнді сайттарда жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін енгізбеуге шақырды.

"Мұндай хабарламалар келген жағдайда оларды елемеген жөн. Қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда рақымшылық аясында бірнеше миллиард теңге көлеміндегі айыппұлдарды есептен шығару мүмкіндігі қарастырылып жатқаны белгілі болған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді