Алматыда заң талаптарын бұзған сауда орындарының қызметі уақытша тоқтатылды

Сурет: polisia.kz
Алматы қаласында алкоголь өнімдерін сату саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кезекті заң бұзу дерегі Медеу ауданында анықталды. Сот шешімімен сауда нысандарының бірінің қызметіне уақытша шектеу қойылып, алкоголь өнімдері тәркіленді. Сонымен қатар аталған нысанның алкоголь өнімдерін сатуға берілген лицензиясының күші уақытша тоқтатылды.

Бұл шаралар полиция қызметкерлері мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылды. Полиция мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтар мегаполис аумағында тұрақты түрде анықталып, әрбір дерек бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдануда.


"Заң талаптарының сақталуын бақылау жұмыстары жүйелі түрде және барлық мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл негізінде жүргізіліп келеді. Кез келген құқық бұзушылық заңда көзделген жауапкершілікке әкелетінін ерекше атап өткім келеді. Сауда нысандарының қызметін уақытша тоқтату тәжірибесі бұған дейін де қолданылған және алдағы уақытта да жалғасады. Заң баршаға ортақ, сондықтан оның талаптарын елемеуге жол берілмейді", — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Шымкент – "Кітап оқитын ұлт" жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды

Көлік министрлігіне жаңа функциялар жүктелді