Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада оқушылардың екі баланы қатігездікпен ұрып, теуіп жатқаны анық көрінеді. "Жетінші арна" мәліметінше, кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.
"Кәмелетке толмағандар Ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынып, жинақталған материалдар тиісті шара қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. Сонымен қатар олардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды".Мейірім Ердәйлет, облыстық ПД баспасөз хатшысы
Бұған дейін Астанада бір топ мектеп оқушысы ерекше баланы соққыға жыққанын жазғанбыз.