Қазақстанда биылғы түлектер саны белгілі болды

Студенты, выпускники вузов, вручение дипломов, диплом о высшем образовании, вручение диплома, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 12:17 Фото: akorda.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 26 мамырда Үкімет отырысында ел тарихындағы ең ірі түлектер легінің бірі болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында жазғы емтихан сессиясы аяқталуға жақын.

"Биыл шамамен 193 мыңға жуық маман жоғары оқу орнын бітіреді. Бұл – соңғы жылдардағы ең ірі түлектердің бірі. Қорытынды аттестация 20 маусымға дейін өтеді. Диплом тапсыру рәсімдері 10 шілдеге дейін аяқталады", – деді ол.

Сонымен қатар, министрдің мәліметінше, оқу жылы аяқталған соң 530 мыңнан астам студент жазғы демалысқа шығады.

Осы кезеңде жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінбек. Шамамен 150 мың студент оқу және өндірістік практикамен қамтылады.

30 мыңға жуық студент студенттік құрылыс жасақтары мен отрядтарына қатысады. Барлық жоғары оқу орындарында экологиялық клубтар мен "Жасыл ел" жастар жасақтары жұмыс істейді. Жазғы маусымда экологиялық және волонтерлік іс-шараларға 30 мыңға дейін студент тартылмақ.

Сонымен қатар, 15 жоғары оқу орнында спорттық-сауықтыру кешендері мен студенттік лагерьлер жұмыс істейді. Олардың базасында демалыс, сауықтыру, практика және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған.

Гранттар мен елдегі ең сұранысқа ие мамандықтар туралы материалда толығырақ айтылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: