Алматыда кезекті заңсыз құрылыс нысаны сүрілді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы орталығында дүкенге заңсыз салынған қосымша құрылыс сүрілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыдағы Қажымұқан көшесі, 34 мекенжайында орналасқан азық-түлік дүкеніне қосымша салынған нысан сүрілді. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері хабарлады.
Тексеру барысында нысаннан белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін заңбұзушылықтар анықталған. Осыдан кейін меншік иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта нысанның кіреберіс бөлігін меншік иесі өз еркімен бұзды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript