Қазақстанда "Қара кітапқа" енгізілетін өсімдіктер іздестіріліп жатыр

Сурет: pexels
2026 жылғы 18–27 мамыр аралығында Ботаника және фитоинтродукция институтының дендрология зертханасының қызметкерлері Ұлытау ауданында, сондай-ақ Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларының аумақтарында экспедициялық зерттеулер жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар жергілікті өсімдіктердің қазіргі жай-күйін, сондай-ақ бөгде текті ағаш-бұта өсімдіктерін, олардың таралуын және өңірдің табиғи экожүйелеріндегі рөлін анықтап көрді.

Экспедиция барысында:

Өсіру орындарынан тыс жерлерге белсенді таралып, табиғи өсімдік қауымдастықтарына әсер етуі мүмкін түрлерге ерекше назар аударылды.

Зерттеу барысында Ulmus pumila L., Acer negundo L., Populus balsamifera L., Ribes aureum Pursh, Parthenocissus quinquefolia (L.) Planch. және басқа да бөгде текті ағаш түрлері, сондай-ақ Xanthium orientale L. шөптесін түрі анықталды.

Алынған деректер өңірдің ағаш флорасының қазіргі жай-күйін бағалауға, әлеуетті қауіпті инвазиялық түрлерді анықтауға және оларды мониторингтеу мен бақылау бойынша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Экспедиция нәтижелері қалыптастырылып жатқан Ұлытау облысының Өсімдіктер кадастры мен "Қара кітабының" маңызды бөлігіне айналады.

Қара кітап (немесе "қара тізім") – Қызыл кітаптың антиподының бір түрі.

Бұған дейін сирек кездесетін бақбақты кәдімгі бақбақтан қалай ажыратуға болатынын жазғанбыз.

Қазақстан
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Вице-премьер Аида Балаева мәйіттік донорлыққа келісім беретінін мәлімдеді

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады: 25 тамызға дейін не істеу керек

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Қазақстанда квазимемлекеттік сектордың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді