Алматыда апатқа ұшыраған көліктер кафеге жетпей тоқтады

Сурет: Zakon.kz
4 маусымға қараған түні Алматының Әуезов ауданында Яссауи мен Трудовая көшелерінің қиылысында Kia Sportage кроссовері мен Honda Odyssey минивэні апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz арнайы тілшісінің мәліметінше, Honda Odyssey көлігі Яссауи көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан, ал Kia Sportage Трудовая көшесімен батыс бағытта қозғалған.

Сурет: Zakon.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, Kia Sportage жүргізушісі "Жол беріңіз" белгісінің талабын елемей, қиылысқа шығып кеткен. Сол сәтте оған Honda Odyssey соғылған.

Сурет: Zakon.kz

Соққыдан кейін екі көлік те жолдан шығып, қарсы қозғалыс жолағы арқылы бұған дейін де бірнеше рет көлік кіріп кеткен кафеге қарай ұшып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Алайда бұл жолы дәмхана зардап шеккен жоқ. Kia Sportage көлігін бетон бағана тоқтатса, Honda Odyssey көлігі Kia-ға тіреліп тоқтаған.

Сурет: Zakon.kz

Жол апаты салдарынан Kia Sportage көлігіндегі жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Сурет: Zakon.kz

Өзге адамдарды оқиға орнында дәрігерлер қарап шықты. Оларға ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды