Қазақстанның жас теннисшілері Азия командалық біріншілігінің іріктеу кезеңін сәтті бастады

Сурет: ktf.kz
Ферғанада (Өзбекстан) 12 жасқа дейінгі өрендер арасында аймақтық іріктеу турнирі – ITF Asia 12&U Regional Qualifying Event of Central Asia басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Додада Орталық Азияның бес елінен келген үздік ұжымдар бақ сынауда. Олар: Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Өзбекстан құрамалары.

Бұл сында отандастарымыз басты фаворит санатында: ұлдар мен қыздар бәсекесінде де біздің құрамалар турнирдің бірінші нөмірлі командалары болып себілді. Екінші нөмір – корт қожайындары, яғни Өзбекстан теннисшілеріне бұйырған.

Жас өрендеріміз жарысты өте сенімді бастады. Алғашқы екі айналымда ұлдарымыз бен қыздарымыз Тәжікстан және Қырғызстаннан келген тұстастарын айқын басымдықпен – 3:0 есептерімен қапы қалдырды. Бүгін Қазақстан құрамалары Түркіменстан командасына қарсы кездесулерін өткізіп жатыр.

Бұл додада тек медальдар ғана емес, жылдың басты турниріне берілетін құнды жолдамалар да сарапқа салынуда. Осы іріктеу қорытындысы бойынша үздік шыққан екі құрама күзде Сингапурде өтетін Азия командалық чемпионатының финалдық кезеңіне (ITF Asia 12&U Team Competition Final) жолдама алады.

Қазақстан құрамасы:

Қыздар:

Ұлдар:

Айта кетейік, Сингапурдегі шешуші кезеңде Азияның бес географиялық аймағынан іріктелген 12 мықты құрама бас қосады:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды