Астанадағы LRT жүйесіне жаңа атау беріледі

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астанада тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабек 2026 жылғы 5 маусымда мәслихат отырысында жеңіл рельсті көлікке (LRT) неге жаңа атау беру қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда LRT елордадағы негізгі қоғамдық көлік жүйелерінің біріне айналып келеді.

"Алайда бұл атау тек техникалық-жобалық сипатқа ие. Сондықтан күнделікті қолдануға ыңғайлы, есте сақталатын және заманауи брендтік атау беру қажет. Халықаралық тәжірибеде мұндай көлік жүйелеріне қаланың мәдениеті мен ерекшелігін көрсететін қысқа әрі дербес атаулар беру кең таралған. Мысалы, Ванкувердегі SkyTrain, Рио-де-Жанейродағы SuperVia, Ресейдегі "Сапсан" сияқты атаулар көлік жүйесінің брендіне айналған", – деді ол.

Спикердің айтуынша, бұл жөнінде қала тұрғындары мен қоғам тарапынан да ұсыныстар түскен.

"2026 жылғы 3 маусымда қалалық ономастика комиссиясының отырысында бірнеше нұсқа қаралды. Олардың ішінде "Сұңқар", "Лашын", "Құлан", "Аспан", "Тарлан" және басқа да атаулар бар. Талқылау нәтижесінде комиссия мүшелері Астана LRT жүйесіне "Тарлан Астана" атауын беру туралы ұсынысты қолдады. "Тарлан" сөзі қазақтың тарихи-мәдени танымында жылдамдық, еркіндік, күш және сенімділік ұғымдарымен байланысты", – деді Досжан Исабек.

Сондай-ақ Астана қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Алимова қала аудандарын абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстарына, соның ішінде LRT станциялары маңын қамтуға қосымша 18,3 млрд теңге бөлінгенін айтты.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа саяси жүйесі: Президент конституциялық заңдар топтамасына қол қойды

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жарияланады

Еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындары

Қазақстанда орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережелері өзгерді

Дрондар мен авиация тартылып Қазақстан бойынша ауқымды операция басталды