Алматыда ер адамға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматының Алмалы ауданында полиция қызметкерлері автокөлікті қайта сату мәмілесіне байланысты туындаған жанжал барысында жасалған қарақшылық шабуылды жедел түрде ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, екі азамат автокөлікке қатысты мәміле шарттарын талқылау үшін кездескен. Келіссөз барысында олардың арасында жанжал туындап, соңы заңға қайшы әрекетке ұласқан. Күдікті қарсы тараптың банк картасында қомақты қаражат бар екенін біле отырып, оған пышақ жарақатын салған. Одан кейін жәбірленушінің автокөлігін иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Зардап шеккен азамат дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиға туралы хабар түскен сәттен бастап қала аумағында “Ұстау” арнайы жоспары енгізілді. Барлық патрульдік жасақтарға күдіктіні анықтау және ұстау, сондай-ақ ұрланған көлікті іздестіру бойынша бағыттама берілді.

Полицейлердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдіктінің жүрген жері қысқа мерзімде анықталып, Райымбек даңғылының бойында ұсталды. Одан іске қатысты заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан бұл қылмыстың ашылуында полиция бөлімшелерінің жедел іс-қимылы мен өзара үйлесімді жұмысы шешуші рөл атқарғанын атап өтті. 


"Хабарлама келіп түскен бойда барлық бөлімшелерге тиісті тапсырмалар берілді. “Ұстау” жоспарының енгізілуі және патрульдік жасақтардың кәсіби жұмысының арқасында күдікті санаулы минуттар ішінде анықталып, қолға түсті. Мұндай қылмыстар әрдайым ерекше бақылауда болады", — деді Мақсат Пшан.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Вице-премьер Аида Балаева мәйіттік донорлыққа келісім беретінін мәлімдеді

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады: 25 тамызға дейін не істеу керек

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Қазақстанда квазимемлекеттік сектордың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді