Астанада бөтен адамның банк картасымен сауда жасаған күдікті ұсталды

Фото: freepik
Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері бөтен адамға тиесілі банк картасын заңсыз пайдалану фактісі бойынша күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай, күдікті көшеде келе жатып, банк картасын тауып алған. Ол карта иесіне қайтарудың орнына, картаны өз қажеттілігіне заңсыз пайдаланып, қала дүкендерінің бірінен сауда жасаған. Осылайша ол жәбірленушіге 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды.

Тексеру барысында ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарға табылған мүлікті иесіне қайтару немесе құқық қорғау органдарына тапсыру қажеттігін ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі