ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, "Барыс-IV" базарын тексеру барысында ветеринариялық ілеспе құжаттары жоқ, тиісті таңбаланбаған және арнайы қаптамасыз сатылымға шығарылған тауық жұмыртқалары анықталды. Заңсыз айналымнан жалпы саны 13 680 дана өнім алынды.
"Қолданылған әкімшілік шаралар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 1 297 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Өнімді жою процесі адам мен жануарлардың денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін тағам өнімдерін жою ережелеріне (ҚР Үкіметінің №140 қаулысы) сәйкес, 2026 жылдың 10 маусымында тәркіленген 13 680 жұмыртқа қалалық мал қорымындағы "Беккер шұңқырына" тасталып, биотермиялық әдіспен консервацияланды,- деп мәлімдеді министрлік.
Сонымен қатар, алдын алу шаралары аясында оқиғадан кейін көтерме және бөлшек сауда ұйымдарының басшыларына ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өзге елдерден заңсыз әкелінген өнімдерді сатуға тыйым салу туралы ресми хаттар жолданды.
Бұған дейін "Алтын Орда" базарындағы 7 тиімсіз делдалдың жұмысы тоқтатылғанын жазғанбыз.