Оның айтуынша, оқу-жаттығу іс-шаралары кезінде Қорғаныс министрлігіне тиесілі ұшу аппараты штаттан тыс қону жасаған.
Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаның себебі – техникалық ақау.
Алайда нақты қорытынды комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін шығарылады.
"Ешкім зардап шеккен жоқ. Аппарат инфрақұрылым нысандарына немесе басқа құрылыстарға құлаған жоқ. Ол далаға штаттан тыс қону жасады", – деді ол.
Оның айтуынша, бұл – бақылау және мониторинг жүргізуге арналған отандық өндірістегі ұшқышсыз аппарат.
"Белсенді жауынгерлік дайындыққа байланысты біз мұндай аппараттарды күнделікті дерлік қолданамыз. Сондықтан кейде техникалық ақаулар орын алуы мүмкін. Тексеру аяқталғаннан кейін барлық қажетті ақпаратты уақтылы хабарлаймыз", – деді ол.
Айта кетейік, 2026 жылғы 2 маусымда жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы кезінде Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі ұшқышсыз ұшу аппараты Жамбыл облысы Талас ауданында штаттан тыс қону жасағаны хабарланған болатын.