Қазақстандықтарды әскери қайта даярлауға шақыруы мүмкін бе

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 11 маусымда Сенат кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков 27 жастан асқан және бұрын әскери қызмет өтемеген азаматтарды әскери қайта даярлауға жіберу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер бұған дейін Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің өкілі Ғани Артықов әскери қызмет өтемеген 27 жастан асқан азаматтарды қайта даярлауға жіберу туралы ұсыныс айтқанын еске салды. Осыған байланысты олар Қорғаныс министрлігінің ұстанымын сұрады.

"Егер адам әскери қызметтен өтпеген болса, ол ешқашан әскери қайта даярлауға жатпайды. Қайта даярлауға тек мерзімді әскери қызметтен өткендер немесе офицерлік қызмет атқарғандар және белгілі бір уақыт өткеннен кейін жіберіледі", – деді ол.

Бұған дейін Мұстабеков Жамбыл облысында дронның құлауына қатысты жағдайға түсініктеме берген болатын.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған