Көмір химиясын дамыту Қазақстанға қанша табыс әкелуі мүмкін

Сурет: pixabay
Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешев 2026 жылғы 12 маусымда Астанада өткен форумда Қазақстанда көмірден қандай өнімдер өндіруге болатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жаркешевтің айтуынша, энергетика саласы жаһандық өзгерістер кезеңіне аяқ басқан қазіргі уақытта Қазақстан көмірді тек энергия көзі ретінде ғана емес, терең өңдеуге және жоғары қосылған құны бар өнімдер шығаруға мүмкіндік беретін бағалы шикізат ретінде қарастырып отыр.

"Қазақстанда көмір қоры өте мол – шамамен 33,6 млрд тонна. Бұл ұзақ мерзімді өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға және жаңа өндірістер ашуға берік шикізаттық негіз қалыптастырады. Оның ішінде 21,5 млрд тоннасы – тас көмір, ал 12,1 млрд тоннасы – қоңыр көмір. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемде 10-орында тұр және елді 300 жылдан астам уақытқа жететін көмір қорымен қамтамасыз етеді", – деді вице-министр.

Сондай-ақ ол көмір химиясы саласының экономикалық әлеуетіне тоқталды.

"Бүгінде Қазақстанда көмірді терең өңдеу әлеуеті өте жоғары болып отыр. Терең өңдеу нәтижесінде алынатын өнімдердің құны бастапқы шикізат бағасынан бірнеше есе жоғары болуы мүмкін. Ең перспективалы бағыттардың бірі – синтез-газ өндіру. Ол аммиак пен карбамид, метанол, олефиндер, синтетикалық отын, кокс-химия өнімдері және заманауи химиялық материалдар өндіруге қажетті негізгі шикізат болып табылады. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстандағы көмір химиясы саласының даму әлеуеті 25 млрд АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін", – деді Санжар Жаркешев.

Бұған дейін елордалықтар қазақ тілін тегін үйрене алатындығын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады