Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Сурет: gov.kz
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Қуаныш Бақытұлы келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше:

"Алматы облысы әкімінің өкімімен Қуаныш Бахытұлы 2026 жылғы 16 маусымнан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Қуаныш Бахытұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін 1998 жылы "іс-құжат жүргізуші-халықаралық деңгейдегі маман", 2008 жылы Шымкент университетін "Экономика", 2010 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын жеке секторда бастап, әр жылдары түрлі коммерциялық ұйымдарда менеджер, бас директордың көмекшісі, директордың орынбасары, бас менеджер және әкімшілік-шаруашылық бөлімінің менеджері, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының бас маманы, аппарат басшысы, Алматы қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Алматы қаласы Әуезов және Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ-ның жүк тасымалы бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысының Кәсіпкерлік, индустрия – инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымында қызмет еткен.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Ақсу қаласында трансформатор өртенді

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды

Алматыда Kizdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушылары ұсталды

Қазақстан боксшылары Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңін сәтті бастады