Үкімет басшысы жолаушылар тарапынан вагондардың жай-күйіне қатысты шағымдар әлі де түсіп жатқанын атап өтті.
"Stadler компаниясының вагон жеткізуіндегі кез келген кідіріс қабылданбайды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі "Қазақстан темір жолы" және Stadler компаниясымен бірлесіп, жолаушылар вагондарын барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, қысқа мерзімде жеткізуді қамтамасыз етуі қажет. Жыл соңына дейін теміржол желісіне 215 жаңа локомотив және шамамен 1,5 мың жүк және жолаушы вагоны шығарылуы тиіс", – деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар ол 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін 13 мың жүк вагоны мен 500 жолаушы вагонын сатып алуға қатысты бес жылдық бағдарламаны бекітуді тапсырды.
Бұған дейін, 19 мамырда Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Stadler вагондарының іске қосылуының кешігу себептерін түсіндірген болатын.