Екібастұзда заңсыз қоқыс төгу әрекетінің жолы кесілді

Фото: Zakon.kz
Екібастұз қаласының көшелері мен қала маңындағы аумақтарда заңсыз қоқыс үйінділерінің алдын алу және оларды жою мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Профилактикалық шараларды табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары ұйымдастырды. Рейд барысында арнайы техниканы пайдалана отырып, белгіленбеген жерге ірі көлемдегі қалдықтарды төгу дерегі анықталып, оның жолы кесілді.

Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша қажетті материалдарды жинақтап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылдау үшін Экология департаментіне жолдады.

"Қаланың тазалығы мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау – әрбір тұрғынның азаматтық міндеті. Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға шығаруға шақырамыз", – деді Екібастұз қалалық полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Медет Бейсенов.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Заң мен Тәртіп: Әділ қоғам негізі – қаржылық қауіпсіздік және құқықтық мәдениет

Павлодарда баласын азаптап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

"Челси" Дастан Сәтбаевтың болашағына қатысты жоспарын жариялады