Мәжіліс ҰҚШҰ аясындағы келісімдерге енгізілген түзетулерді қолдады

Фото: akorda.kz
2026 жылғы 17 маусымда Мәжіліс депутаттары пленарлық отырыста Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) қызметіне қатысты келісімдерді ратификациялады. Құжаттар Сенатқа жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс қарауына екі заң жобасы ұсынылды:

"Бірінші құжат ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құрамаларының тараптар аумағында уақытша болуына қатысты құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған. Енгізілетін өзгерістер нақтылау және егжей-тегжейлеу сипатында болып, келісім нормаларын тараптардың ұлттық заңнамаларымен және ҰҚШҰ нормативтік құқықтық актілерінің ережелерімен сәйкестендіреді", – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков.

Мәжілістің салалық комитетінің қорытындысында келісім нормалары құрамаларды басқаруға, әскери және басқа құрамаларды тасымалдау (транзит) мәселелерін жедел қарауға, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарының тараптар аумағында қызмет етуіне қажетті жағдай жасауға қатысты жаңартылатыны айтылған.

"2015 жылғы 15 қыркүйектегі ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери және басқа құрамалардың, олардың жылжымалы мүлкінің, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімдердің тасымалы саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу хаттамасын ратификациялау туралы" заң жобасының мақсаты – ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құрамаларының міндеттерін орындау кезінде немесе бірлескен оқу-жаттығуларға қатысу барысында тасымалдауды құқықтық реттеуді жетілдіру.

Енгізілген өзгерістер әскери және басқа құрамаларды тасымалдауды ұйымдастыру мен орындау кезінде шұғыл шаралар қабылдау жағдайында жеделдікті арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақ пен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялаған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы