Қазақстандық азамат медициналық диагнозына байланысты жүргізуші куәлігінен айырылды

Фото: Zakon.kz
Тағы бір қазақстандыққа денсаулық жағдайына байланысты көлік жүргізу құқығынан айырылу туралы шешім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс Жамбыл облысының Меркі аудандық сотында қаралды. Сотқа талап арызбен облыстық Полиция департаменті жүгінген.

"Сотқа жүгінуге Жамбыл облысы прокуратурасының заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынымы негіз болды. Тексеру барысында жауапкердің медициналық есепте тұрғаны және көлік құралдарын басқаруға кедергі келтіретін ауруға шалдыққаны анықталды", – деп хабарлады Меркі аудандық соты.

Жауапкер талап арызды толық көлемде мойындаған.

Іс материалдарына сәйкес, ер адамға алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар, сондай-ақ тәуелділік синдромы диагнозы қойылған.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесіне сәйкес, аталған аурулар көлік құралдарын басқаруға мүмкіндік бермейтін дерттер қатарына жатады. "Жол жүрісі туралы" заң талаптарын және азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, сот талап арызды қанағаттандырды", – делінген сот хабарламасында.

Сот шешімімен азаматтың көлік құралдарын басқару құқығы оған негіз болған себептер жойылғанға дейін тоқтатылды.

Айта кетейік, бұл еліміздегі алғашқы осындай жағдай емес. 2026 жылдың ақпан айында тағы бір қазақстандық жеті жыл бойы иеленіп келген жүргізуші куәлігінен медициналық диагнозына байланысты айырылған болатын. Павлодар тұрғыны жүргізуші куәлігінің жарамсыз деп танылғанын кездейсоқ білген. Осыған ұқсас тағы бір жағдай Жамбыл облысында тіркелген.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Алматы облысында жалған сүт үшін жүздеген миллион теңге субсидия алған кооператив басшысы сотталды

Сейсмологтар Каспий теңізінде тағы бір жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Ақтөбені Атыраумен байланыстыратын жолды салып жатқан жұмысшылар жарты жыл жалақы алмаған