Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адамды тіркеген тұрғын сотталды

Фото: Zakon.kz
Алматы прокуратурасы азаматтарды заңсыз тіркеу дерегін анықтады. Белгілі болғандай, қала тұрғыны бір бөлмелі пәтеріне 990 адамды тіркеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік астана прокуратурасының 2026 жылғы 18 маусымдағы мәліметіне сәйкес, тексеру барысында Наурызбай ауданында тұратын пәтер иесінің адамдарды ақылы түрде тіркеп келгені анықталған.

"Тексеру нәтижесінде пәтер иесінің бір бөлмелі пәтерге нақты тұрмайтын 990 азаматты сыйақы үшін тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны белгілі болды", – деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 394-бабы ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот "резеңке пәтердің" иесін кінәлі деп танып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Еске салайық, 2026 жылдың ақпан айында Алматы полициясы "резеңке пәтер" иелеріне заң талаптарын сақтауды ескерткен болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Алматы облысында жалған сүт үшін жүздеген миллион теңге субсидия алған кооператив басшысы сотталды

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Елімізде тұрғын үйлердің маңына автокөліктерді қоюға тыйым салынады деген рас па - түсініктеме

Сейсмологтар Каспий теңізінде тағы бір жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады