Министрдің айтуынша, бүгінде көптеген мемлекеттер босқындар мен мигранттар ағынының өсуіне байланысты шекаралық бақылауды күшейтіп жатыр.
"Шенген келісіміне мүше елдерде шекарадағы бақылау күшейтілуде, өйткені босқындар саны артып келеді. Әрине, заңсыз көші-қон мәселесі де бар. Сондықтан бұл мемлекеттер бақылауды қатаңдатып отыр", – деді Ермек Көшербаев.
Оның сөзінше, Қазақстан да осы бағытта тиісті шаралар қабылдап жатыр.
"Біз де заңсыз көші-қон көлемі мен санын азайтуға, тіпті оны толықтай жоюға күш салып келеміз", – деп атап өтті министр.
Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы шетел азаматтарына маңызды ескерту жасаған болатын.