Бүгінде дрондар облыстың жеті ауданы мен Атырау қаласының аумағында тұрақты түрде пайдаланылып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік беруде.
Заманауи құрылғылардың көмегімен полиция қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын орындарды, қоғамдық аумақтарды және жол қозғалысы жағдайын әуеден бақылап, құқық бұзушылықтарға дер кезінде әрекет етеді.
Жыл басынан бері дрондардың көмегімен өңір көлемінде 320-дан астам түрлі құқық бұзушылық анықталып, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Әсіресе мереке және демалыс күндері қоғамдық орындарда бақылау күшейтіледі.
Осы кезеңдерде дрондар саябақтарда, жағалауларда, демалыс аймақтарында және адам көп жиналатын өзге де орындарды бақылайды. Аталған жұмыстар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.